Қазақстан Елшісі «SABIC» басшылығымен мұнай-химия саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
24.08.2026 15:41:45 196
Рияд, 2026 жылғы 23 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Saudi Basic Industries Corporation» (SABIC) Бас атқарушы директоры Фейсал Әл-Фақирмен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар мұнай-химия саласындағы қазақ-сауд ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, жетекші саудтық компанияларды ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға тартуға мүдделілігін атап өтті. Қазақстанның Орталық Азиядағы ірі экономикалардың бірі ретіндегі әлеуетіне және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту үшін перспективалы алаң ретіндегі мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «SABIC» пен Қазақстанның ұлттық және жеке компаниялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін пысықтауға уағдаласты.
«SABIC» (Saudi Basic Industries Corporation) – әлемдегі ірі химиялық компаниялардың бірі және Сауд Арабиясының жетекші өнеркәсіптік компанияларының қатарында. Компания химия және мұнай-химия өнімдерін, полимерлерді, тыңайтқыштар мен арнайы материалдарды өндіруге маманданған. «SABIC» халықаралық деңгейде қызмет атқарады және әлемнің түрлі өңірлерінде өндірістік қуаттарға ие.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1278998?lang=ru