Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өтті
25.08.2026 09:54:31 168
24 тамызда «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында салық салудың өзекті мәселелері, салық заңнамасы нормаларын қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі қаралды.
Шаруа қожалықтарын тіркеу, салық төлеу бойынша берешекті өндіріп алу, 270.00-нысанды (Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны) тапсыру, жергілікті салықтарды төлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың салық төлеушілермен өзара іс-қимылының ашықтығы мен сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1279369?lang=ru