Сессия отырысы
25.08.2026 15:31:44 97
Бүгін аудандық мәслихатының кезекті сессия отырысы мәслихат төрағасы К.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті.
Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
-“Аудан әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі туралы
-“2026-2027 жылдардағы жылыту
маусымына дайындығы туралы”
-Бөрлі аудандық мәслихатының “Бөрлі ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы
-Бөрлі аудандық мәслихатының “2026-2028 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы”шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-Бөрлі аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Ақсай қаласы және ауылдық округтердің бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-“Бөрлі ауданының Құрметті азаматы” атағын беру туралы.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.
Сессия барысында депутаттар аудан әкімінің атқарылып жатқан жұмыстарын оң бағалап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарында
жүйелі әрі ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанын белгілеп, маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 11 бабына сәйкес мәслихаттың сессия жұмысына үзіліс жарияланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1279626?lang=ru