Атбасар ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні»

Атбасар ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні»

25.08.2026 18:11:28 126

Бүгін 25 тамызда Атбасар ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.
Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина және Мемлекеттік қызметтер басқармасы бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова салық төлеушілермен салық салу мен салық заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында жеке консультациялар өткізілді, салық төлеушілерден түсетін неғұрлым өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде көзделген өзгерістерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібіне және Мемлекеттік кірістер органдарының электрондық сервистерін пайдалануға және Азаматтарға практикалық көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1279870?lang=ru