Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді

26.08.2026 15:53:44 192

Құрылтай сайлауы – кемел келешегіміздің дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды кезең. Осы күні киелі ауданымыз қоғамдық-саяси науқанның қорытындысы бойынша облыс көлемінде жоғары нәтижелердің бірін көрсетіп, ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін танытты.

Осыған орай бүгін аудан басшысы Жандос Еркінбектің қатысуымен Төретам кентінде Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы кездесу өтті.

Аудан басшысы:

«Құрылтай – азаматтардың ұсыныс-пікірі ескерілетін маңызды алаң. Сондықтан осы саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз ерекше. Алдағы уақытта да ауданымыздың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін. Баршаңызды тарихи таңдауымызбен шын жүректен құттықтаймын! Егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы игі істеріміз табысты болсын! Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», – деп өз ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Жандос Еркінбек саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтарға және жауапты сала мамандарына «Алғыс хатын» табыстап, құрмет көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1280374?lang=ru