Құрылтай сайлауы: ортақ жауапкершілік пен ауызбіршілік тоғысқан маңызды кезең

Құрылтай сайлауы: ортақ жауапкершілік пен ауызбіршілік тоғысқан маңызды кезең

26.08.2026 15:53:54 171

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбек 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлауда ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқан бірқатар азаматтарды қабылдады.

«23 тамызда елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы жоғары деңгейде өтті. Бұл – еліміздің жаңа саяси дәуірге қадам басуының, қоғамдағы демократиялық өзгерістердің жаңа кезеңін айқындаған тарихи сәт. Маңызды саяси науқанның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ойдағыдай өтуіне ауданымыздағы әр азаматтың, әрбір жауапты маманның еңбегі бар. Осы ретте құқық қорғау органдарына, аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне, мемлекеттік мекеме мен коммуналдық қызмет басшыларына шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің жауапкершілікпен атқарған еңбектеріңіз ортақ істің нәтижелі болуына үлкен үлес қосты. Сондықтан баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Жандос Еркінбек.

Жиын барысында саяси науқанда белсенділік танытып, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарған бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Қабылдау барысында қатысушылар саяси науқанның нәтижелері мен атқарылған жұмыстарға қатысты өз пікірлерін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1280366?lang=ru