Сауда базарларын жаңғырту талаптарын орындамаған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сауда базарларын жаңғырту талаптарын орындамаған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26.08.2026 19:36:16 168

Қонаев қаласындағы «Алға» сауда базарында жаңғырту жұмыстарының басталмауына байланысты Қонаев қаласы әкімдігінің ресми хаты негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде жергілікті Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан сауда базарындағы 7 сауда субъектісінен заң бұзушылықтар анықтады. Аталған субъектілерге анықталған заң бұзушылықтарды 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жою туралы нұсқамалар берілген.

Қабылданған әкімшілік шаралармен келіспеген «Market Giant» ЖШС Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданды. Бір айға созылған сот процесінің қорытындысы бойынша серіктестіктің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, Департаменттің қаулысы өз күшінде қалды.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес серіктестіктің сот шешіміне апелляциялық тәртіппен шағымдану құқығы бар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Алматы облысында 60 сауда базары тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 9-ында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, республика бойынша 588 сауда базары тіркелген. Оның ішінде 366-сы әмбебап сауда базары.

Қазіргі уақытта 189 сауда базары жаңғыртудан өтті, тағы 67 нысандағы жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қалған 110 сауда базары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келеді.

Сауда базарларын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2021 жылға дейін 84 базар, 2021 жылы 4, 2022 жылы 33, 2023 жылы 19, 2024 жылы 16, 2025 жылы 33 сауда базары жаңғыртылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бекіткен Жол картасына сәйкес, 2025 жылы 100 сауда базарын жаңғырту жоспарланған болатын.

Алайда жекелеген нысандарда құрылыс және ұйымдастыру жұмыстарының аяқталмауына байланысты жобаларды іске асыру мерзімдері қайта қаралды. Базарларын жаңғыртуды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау белгіленді.

Осыған байланысты өңірлерде жаңартылған Жол карталары бекітіліп, жергілікті атқарушы органдар мен бейінді мемлекеттік органдар тарапынан жобалардың іске асырылу барысына бақылау күшейтілді.

Бүгінде 33 сауда базарында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды, тағы 58 нысанда жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Барлық жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сауда базарларын жаңғырту сауда инфрақұрылымын жаңартуға, заманауи сауда стандарттарын енгізуге, санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын арттыруға, қолма-қол ақшасыз төлемдерді кеңейтуге, сондай-ақ кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1280681?lang=ru