Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Н.Ә. Баймүлдинов «Қорғас» ШЫХО аумағында өткен халықаралық кездесуге қатысты
27.08.2026 09:54:15 421
2026 жылғы 26 тамызда Жетісу облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Н. Баймүлдинов «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында өткен жұмыс кездесуіне қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының құзыретті және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Тараптар зияткерлік меншік құқықтары мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, контрафактілік өнімдердің айналымына жол бермеу, сондай-ақ жедел ақпарат алмасу мен бірлесіп әрекет етудің практикалық тетіктерін айқындау саласындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының мұндай диалогтық алаңдарға қатысуы кедендік бақылауды нығайтуға, заңды бизнесті қорғауға және халықаралық сауда үшін ашық жағдай жасауға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1280792?lang=ru