Зейнетақы аннуитеті. Төлемдерге ЖТС қалай салынады

Зейнетақы аннуитеті. Төлемдерге ЖТС қалай салынады

27.08.2026 10:43:51 399

Құрметті салық төлеушілер!

Зейнетақы аннуитеті – азаматқа шартта көзделген төлемдер жүзеге асырылатын сақтандыру компаниясымен жасалған шарт. Бұл ретте мұндай төлемдердің сипаты әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларға салық салу тәртібі де өзгеше болуы мүмкін.

Егер әңгіме тікелей сақтандыру төлемі туралы болса, Салық кодексінде көзделген салық салудың арнайы тәртібі қолданылады. Атап айтқанда, 435 және 439-баптарда жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын табысты айқындау қағидалары белгіленген.

Сонымен қатар шартта сақтандыру компаниясының пайдасы есебінен қосымша төлем көзделуі мүмкін. Шартта мұндай төлем «сақтандыру дивидендтері» деп аталуы мүмкін.

Салық кодексінің 439-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілген табыс төлем көзінен жеке табыс салығын ұстай отырып салық салуға жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1280859?lang=ru