Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
27.08.2026 11:18:10 205
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: 2025 жылғы жеке тұлғалардың мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеу қажет.
Салық жылжымайтын мүлік нысанының — пәтер, үй, саяжай, гараж немесе жер учаскесінің — орналасқан жері бойынша төленеді.
Салық сомасын қалай білуге және төлеуге болады
Ең оңай жолы — реквизиттерді қолмен толтырмай, онлайн төлеу:
- e-Salyq Azamat қосымшасында — «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі»;
- Halyk Bank, Kaspi Bank және басқа банк қосымшаларында;
- portal.kgd.gov.kz порталында — «Сервистер» → «ЖТ алдағы төлемдері мен берешегі»;
- Telegram-дағы SalyqBot чат-боты арқылы;
- 1414 контакт-орталығына қоңырау шалып.
Банк немесе банкомат арқылы төлеуге арналған деректемелер:
- БСК (Бюджеттік сыныптау коды) – 104102
- ТТК (Төлем тағайындау коды) – 911 (өсімпұл төлеу кезінде – 912)
Мерзімін өткізіп алса, не болады
2026 жылғы 2 қазаннан бастап:
- Банктік қызметтерді шектеу: есепшот ашу, ақша аудару немесе кредит рәсімдеу мүмкін болмайды.
- Өсімпұл — мерзімі өткен әр күн үшін Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшері.
- Мәжбүрлеп өндіріп алу, егер борыш 1 АЕК-тен (4 325 теңге) асса: хабарламадан кейін 30 жұмыс күнінен соң салықтық бұйрық; 5 жұмыс күні ішінде өтелмесе — жеке сот орындаушыларына. ЖСО есепшот пен мүлікті бұғаттай алады, елден шығуға тыйым сала алады. ЖСО қызметі — борыштың 25%-ына дейін.
Төлемді кейінге қалдырмаңыз. Қосымша арқылы бұл тез әрі ыңғайлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1280895?lang=ru