Жол қауіпсіздігі шаралары
27.08.2026 16:59:41 152
Баянды ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол белгілерінің талаптарын күшейту мақсатында жолға қажетті көлденең таңбалар мен ескерту белгілерін түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер өткелдері, жылдамдықты шектеу белгілері, «Мектеп» ескерту жазбалары және өзге де жол белгілері жаңартылып, жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар атқарылуда.
Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Құрметті ауыл тұрғындары мен көлік жүргізушілері, жол қозғалысы ережелерін сақтап, белгіленген жылдамдық режимін ұстануға және жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1281268?lang=ru