Қазақстан алғаш рет Германияның туристік индустриясындағы ірі DRV Destination Forum форумын қабылдады

Қазақстан алғаш рет Германияның туристік индустриясындағы ірі DRV Destination Forum форумын қабылдады

31.08.2026 15:58:14 69

2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында Германияның туристік индустриясындағы негізгі іс-шаралардың бірі — DRV Destination Forum 2026 өтті. Қазақстан форумды алғаш рет қабылдап, шараға 130-ға жуық қатысушы, оның ішінде Германиядан 69 туристік сала өкілі қатысты.

Форумның ресми ашылуына ҚР Туризм және спорт министрлігінің атынан вице-министр Мирас Төлебаев қатысты.

Іс-шара «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ пен Германияның Deutscher Reiseverband (DRV) туристік қауымдастығының бірлескен жұмысының нәтижесінде ұйымдастырылды.

Форум аясында неміс делегаттары Алматы және Алматы облысы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарына, Шымкент және Түркістан облыстарына барып, өңірлердің туристік әлеуеті мен инфрақұрылымымен танысты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі қазақстандық туристік бизнес өкілдері мен неміс туроператорлары арасындағы B2B кездесулер болды. Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге елдің халықаралық көлік қолжетімділігін дамытуға үлес қосып отырған Air Astana әуе компаниясы да қатысты.

DRV Германияның 3 000-нан астам туристік компаниясын біріктіреді. Қазақстанға жыл сайын Германиядан шамамен 100 мың турист келеді.

Форум өткізу Қазақстанның туристік өнімдерін неміс нарығында ілгерілетуге, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және Германиядан келетін туристер ағынын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1282934?lang=ru