«Мектепке жол»: Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары оқушыларға қолдау білдірді

«Мектепке жол»: Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары оқушыларға қолдау білдірді

31.08.2026 17:52:43 118

Елімізде дәстүрге айналған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда. Бұл игі бастаманың басты мақсаты — әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында жан-жақты қолдау көрсету.

Аталған акцияға Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы мен депутаттар корпусы да белсене атсалысты. Халық қалаулылары көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан оқушылармен кездесіп, оларға мектеп формасын, спорттық киімдерді, рюкзактар мен барлық қажетті оқу құралдарын салтанатты түрде табыстады.

Депутаттар балаларға ыстық лебіздерін білдіріп, сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа 2026–2027 оқу жылы өскелең ұрпаққа тек қуаныш, зор жетістіктер, жаңа асулар мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін! Жүрегі жомарт жандардың арқасында әрбір бала мектеп табалдырығын толық дайындықпен және көтеріңкі көңіл-күймен аттайтынына сенімдіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1283096?lang=ru