Банкроттық рәсімі толықтай электрондық форматқа көшірілді
31.08.2026 18:02:12 126
2023 жылдың наурыз айынан бастап енгізілген банкроттық институты бүгінде толықтай электрондық форматта жүзеге асырылады. Әкімшілердің, кредиторлардың және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы цифрландырылып, қағаз құжат айналымы жойылды. Соның нәтижесінде рәсімдерді жүргізу мерзімі едәуір қысқарды. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған оңалту және банкроттық рәсімдері енді Салық төлеушінің кабинетінде қолжетімді. Республикалық деңгейде келесі электрондық сервистер іске қосылды: банкроттық істері бойынша ресми хабарландырулар автоматты түрде қабылданып, жарияланады; Кредиторлар мен мемлекеттік органдар рәсімдердің барысын онлайн режимде бақылай алады; Борышкерлер туралы мәліметтерге жедел электрондық қолжетімділік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, банкроттық туралы өтінішке бас тартылған жағдайда қайта жүгіну мерзімдері, сондай-ақ сотқа қорытынды есеп пен тарату балансын ұсыну мерзімдері нақты айқындалды. Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысын есептеу тәртібі қайта қаралып, рәсім ұзартылған жағдайда әкімшілік шығыстар нақтыланды. Егер кәсіпорынның мемлекеттен (салықтар мен міндетті төлемдер бойынша) басқа кредиторлары болмаса, оңалту рәсімі қолданылмайды. Енді Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімі бұрынғыдан да қолжетімді болды. Qoldau жүйесінде кредиторлар мемлекеттік кірістер органдарының шешімімен келіспеген жағдайда электрондық форматта шағым беру мүмкіндігі іске асырылды. Заңнамаға енгізілген өзгерістер жеке тұлғалар үшін рәсімдерді едәуір жеңілдетті. Егер борышкердің жалпы қарызы 1600 АЕК-тен аспаса және міндеттемелер 5 жылдан астам уақыт орындалмаған болса, соттан тыс банкроттық рәсімі небәрі 1 айда аяқталады. Енді ломбардтар алдындағы міндеттемелер өтінішті қарау кезінде есепке алынбайды және ломбардтар осы рәсім бойынша кредиторлар қатарынан шығарылды. Егер Жүйеде техникалық ақаулар немесе сұрақтар туындаған жағдайда support.ecc.kz порталы арқылы қолдау қызметіне жүгінуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1283114?lang=ru