Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс

Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс

31.08.2026 18:19:16 140

🏡 Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс жылжымайтын мүлік меншік құқығында екі жылдан аз уақыт болған жағдайда оны сату немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде туындайды.

🌎 Өтеусіз алынған және Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс оны сату немесе заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде, оның меншік құқығында болған мерзіміне қарамастан, туындайды.

💹 Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табыс:

🧾 сату кезінде – сату бағасы мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма;

🏢 мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – мүлік жарғылық капиталға салым ретінде берілген құн мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүліктің құны, бірақ осындай мүлікпен төленген сомадан аспайтын мөлшерде, мүлікті қабылдау-беруді растайтын құжат негізінде айқындалады.

📜 Жылжымайтын мүлік объектісінің бастапқы құны құжатпен расталған:

🏷 осы объектіні сатып алу бағасы;

✏ сатып алған күннен бастап оны сату (беру) күніне дейінгі кезеңде функционалдық және (немесе) нысаналы мақсаты өзгертілгеннен кейін сатылатын (берілетін) жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу бағасы.

🎁 Өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құны:

📝 бұрын өтеусіз алынған мүлік түріндегі табысқа енгізілген құн – өтеусіз алынған мүліктің құны жеке кәсіпкердің салық салынатын табысына немесе жеке тұлғаның салық салынатын табысына енгізілген жағдайда;

🪙 нарықтық құн;

🔍 бағалау құны;

🗺 жер учаскесін сату (беру) жағдайында – кадастрлық (бағалау) құны;

0️⃣ қалған жағдайлардың барлығында – нөлдік құн.

🌍 Салық салу жеңілдігі бар мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүліктің бастапқы құны нөлге тең.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1283146?lang=ru