Жыл соңына дейін Алматыда 30 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі
01.09.2026 12:12:46 92
Алматыда биыл 64 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 30-ын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Тағы 64 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Бұл туралы Құрылысшылар күні қарсаңында өткен брифингте Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.
Биыл Жас-Қанат және Қалқаман шағынаудандарындағы 29 тұрғын үйдің 17-сінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 6 353 дайын пәтер сатып алу жоспарланған.
Қалада 31 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде 3 725 оқушыға арналған алты жаңа мектеп салынып, жеті мектеп жаңғыртылуда. Саялы мен Жас-Қанатта шығармашылық орталықтары, Зерделіде 550 орындық мектеп, №16 мектепке қосымша корпус және екі балабақша салынуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1283438?lang=ru