«Мектепке жол» қамқорлық пен мейірімділіктен басталады!

«Мектепке жол» қамқорлық пен мейірімділіктен басталады!

02.09.2026 14:42:38 86

Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.

Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері оқу құралдары мен қажетті заттарды сыйға тарту арқылы өз үлестерін қосты. 

Мұндай игі бастамалар оқу жылының алдында балаларға қолдау көрсетіп, олардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1284289?lang=ru