270.00 НЫСАНЫН 2026 ЖЫЛЫ КІМ ТАПСЫРУЫ МІНДЕТТІ?
02.09.2026 17:43:06 148
270.00 нысанын тапсыру міндеті азаматтың мәртебесіне және оның мүлкі мен активтеріне байланысты.
Декларация тапсыруы міндетті тұлғалар қатарында:
🔹 Мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалар
Мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың заңды жұбайлары.
🔹 Бизнес өкілдері
Жарғылық капиталдағы үлесі 10%-дан асатын заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті тұлғалары және олардың жұбайлары.
🔹 Шетелдік активтердің иелері
Қазақстан Республикасының резиденттері, егер шетелде жылжымайтын мүлкі, бағалы қағаздары немесе банк шоттарындағы ақшасы болса. Шоттардағы жалпы сома 1000 АЕК-тен асқан жағдайда.
🔹 Ірі мүлік сатып алған немесе сатқан тұлғалар
Бір жыл ішінде жалпы құны 20 000 АЕК-тен асатын ірі мүлікті (пәтер, автокөлік, акциялар және т.б.) сатып алған немесе сатқан тұлғалар.
🔹 Жеке практикамен айналысатындар
Нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және медиаторлар.
⚠️ Өз мәртебеңізді алдын ала тексеріп, декларацияны уақытылы тапсыруды ұмытпаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1284526?lang=ru