Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 14 күн қалды!

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 14 күн қалды!

02.09.2026 17:56:31 173

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы  15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялау  шеңберінде декларацияны тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салады!

 Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).

Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан). 

      Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (knp.kgd.gov.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, сонымен қатар Halyk, Kaspi және т.б. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1284553?lang=ru