Мемлекеттік грант беру шарттары туралы жадынама

Мемлекеттік грант беру шарттары туралы жадынама

03.09.2026 13:17:50 224

«Мемлекеттік грант» – бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал.

Грант мөлшері – 400 АЕК-ке дейін (2026 жылы – 1 730 000 теңге).

 

Грант алу үшін негізгі талаптар

1. Төмендегі жұмыспен қамту санаттарының біріне жатуы қажет:

- жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне 1 жылға дейін);

- ресми тіркелген жұмыссыздар.

 

2. Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы қажет:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

- көпбалалы отбасылар;

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;

- қоныс аударушылар;

- қандастар;

- еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар тұлғалар;

- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (не) олардың жұбайлары.

3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткені туралы сертификаты болуы.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификатты business.enbek.kz сайтында тегін 14 күнтізбелік күн ішінде алуға болады. Ол үшін онлайн оқудан (бейнесабақтар) өтіп, тестілеуді сәтті тапсыру қажет.

Мемлекеттік грант алу кезеңдері (business.enbek.kz порталы арқылы):

1. Порталда тіркелу және мәртебені тексеру;
2. Бизнес-жоспарды жүктеу;
3. Өтінім беру;
4. Жобаны комиссия алдында қорғау;
5. (Жоба мақұлданған жағдайда) банк реквизиттерін ұсыну;
6. Шартқа қол қою;
7. 24 ай ішінде грантты игеру бойынша есептітапсыру.
8. Грант алған күннен бастап 18 ай ішінде кемінде бір жаңа тұрақты жұмыс орнын құру және мансап орталығының жолдамасымен жіберілген жұмыс іздеушіні құрылған жұмыс орнына жұмысқа орналастыру.

Гранттар келесі бағыттарда беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Бұған дейін грант алған қатысушылар екінші рет грант ала алмайды.

Толық ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығынан біле аласыз.

Инстаграм: emo_karagandy_obl

​​Контакты: сall-центр 8-7212-60-50-50; whatsapp 8-775-644-35 -80  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1284907?lang=ru