Тараптар Қазақстан-Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі
03.09.2026 19:20:48 2252026 жылғы 2 қыркүйекте Рига қаласында Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвияның Ауыл шаруашылығы министрі Улдис Аугулиспен кездесуі өтті.
Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарының өзекті мәселелері, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысының хаттамасын іске асыру барысы талқыланды.
2026 жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы өзара сауда көлемінің 4,2%-ға өсіп, 85,5 миллион АҚШ долларын құрағандығына тараптар қанағаттанушылық білдірді.
Сұхбат барысында Қазақстан-Латвия кәсіпорындарын құрудың ең перспективалы бағыттары сүт және сиыр еті шаруашылығы, азық-түлік өндірісі, балық шаруашылығы, азық-түлік сақтау және тасымалдау, логистикалық хабтарды дамыту, инновациялық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту болып табылатындығы атап өтілді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты әріптестікті одан әрі тереңдетуге және талқыланған барлық бағыттар бойынша байланыстарды кеңейтуге деген ұмтылыстарын растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1285396?lang=ru