СЭҚ қатысушыларының назарына
07.09.2026 15:53:56 690
ШҚО бойынша МКД 2026 жылғы 21 шілдедегі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 96 «Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күшіне енуіне байланысты құжаттар түрлерінің мынадай сыныптауыштары енгізілгенін хабарлайды:
− 07053 — Фармацевтикалық және (немесе) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (Қазақстан Республикасы үшін);
− 07054 — Медициналық бұйымдарды көтерме өткізу бойынша қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон (Қазақстан Республикасы үшін);
− 07055 — Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жасалған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды жеткізу шарты (Қазақстан Республикасы үшін);
− 07056 — Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелуге арналған рұқсат (Қазақстан Республикасы үшін);
− 07057 — Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Қазақстан Республикасы үшін);
− 07058 — Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауарлардың нысаналы мақсатын растау құжаты (Қазақстан Республикасы үшін).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1204 қаулысына сәйкес тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында 07053 немесе 07054; 07056 немесе 07057 сыныптауыштары ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысына сәйкес тауарларға арналған декларацияның 36.4-бағанында:
− «3С» жеңілдік сыныптауышын таңдаған кезде — 07053, 07055, 07057, 07058;
− «СН» жеңілдік сыныптауышын таңдаған кезде — 07053, 07055, 07058, 07056;
− «ЗГ» жеңілдік сыныптауышын таңдаған кезде — 07053, 07055, 07058, сондай-ақ 07056 немесе 07057;
− «ГС» жеңілдік сыныптауышын таңдаған кезде — 07053, 07058 сыныптауыштары ұсынылады.
Осылайша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды декларациялау кезінде ТД-ның 44-бағанында міндетті түрде 07053 немесе 07054, сондай-ақ 07056 немесе 07057 кодтары көрсетіледі; 36.4-бағанында кодтар жиынтығы мәлімделетін жеңілдікке (3С, СН, ЗГ, ГС) сәйкес тиісінше № 1204 және № 1203 қаулыларына сәйкес айқындалады.
ШҚО бойынша МКД ТРБ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1286906?lang=ru