Шығыс Қазақстан облысында алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оку марафонына тіркелу басталды

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оку марафонына тіркелу басталды

09.09.2026 09:51:56 147

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оку марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің, барлық, өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық, бастамалардың, біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылы қыркүйек айынан 2027 жылы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді.

Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6-10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» - жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық, командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық, азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы кажет. Оның 165-і қазақ, тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық, авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының, лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылы наурызға дейін жалғасады. Осы уакытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылы наурыз-сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады:
1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық, финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1288094?lang=ru