KazAID пен Сингапур СІМ ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде

KazAID пен Сингапур СІМ ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде

09.09.2026 15:14:51 90

2026 жылғы 8 қыркүйекте «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Асанов Сингапур СІМ Даму саласындағы серіктестік директораты директорының орынбасары Цзя Цянь Хо ханыммен онлайн форматта кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар ағымдағы жылғы 24–27 тамыз аралығында Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунның Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес екінші бірлескен оқыту бағдарламасын ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.

 

Анықтама үшін: 2024 жылғы 1–5 сәуір аралығында «Достық: Цифрландыру» бағдарламасы шеңберінде Сингапур СІМ Техникалық ынтымақтастық директоратымен бірлесіп Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметшілері мен квазимемлекеттік сектор өкілдері үшін «Цифрлық басқару және электрондық үкіметті дамыту» тақырыбында алғашқы семинар өткізілген болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1288421?lang=ru