Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары
10.09.2026 12:36:51 344
Қазіргі уақытта жинақталып, төленуге тиіс салық – бұл 2025 күнтізбелік жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығы.
Ағымдағы хабарламалар мен есептеулер 2025 жылы меншікте болған жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты екеніне назар аударамыз. Салықтық міндеттемелер, жеңілдіктер және есептік көрсеткіштер (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге) 2025 жылы қолданыста болған Салық кодексінің нормаларына қатаң сәйкестікте айқындалады.
Мүлік салығын толық немесе ішінара төлеуден босатылған азаматтардың жеңілдетілген санаттарының тізбесі Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағымен белгіленген.
Жеңілдетілген санатқа мыналар жатады:
- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Данқ орденімен және «Отан» орденімен марапатталған адамдар – барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде);
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 5 898 000 теңге шегінде);
- мүгедектігі бар адамдар – жер учаскелері бойынша және барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 5 898 000 теңге шегінде);
- Жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңде – меншік құқығындағы жер учаскелері, тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар бойынша;
- бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі – жер учаскелері бойынша;
- «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар – жер учаскелері бойынша, сондай-ақ меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде);
- Бөлек тұратын зейнеткерлер (тұрғылықты жерінің мекенжайы бойынша тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер) – жер учаскелері бойынша, сондай-ақ меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің (тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар) жалпы құнынан 1000 АЕК шегінде (2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, яғни 3 932 000 теңге шегінде);
- Дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша, тұрғын үйлерді және Салық кодексінің 529-бабына сәйкес салық базасы айқындалатын басқа да объектілерді қоспағанда;
- Пәтердің (бөлменің) меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалар – көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіндегі пәтер (бөлме) меншік иесінің үлесі бойынша.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1289100?lang=ru