ҚОБДА АУДАНЫНДА ЖАСТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ӨТТІ

ҚОБДА АУДАНЫНДА ЖАСТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ӨТТІ

10.09.2026 17:09:12 111

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы Қобда ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан жастарының қатысуымен ашық сұхбат өткізді.

Кездесуге Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысты.

Ашық форматтағы кездесуде жастардың өзекті мәселелері, білім алу, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жастар саясаты және жастарға арналған мүмкіндіктер кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бастамалар мен жобалар жөнінде ой бөлісілді.

Жастар – ел болашағы, қоғамның қозғаушы күші!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1289394?lang=ru