Салалық кеңес отырысы

Салалық кеңес отырысы

10.09.2026 18:25:55 79

Бүгін 10  қыркүйекте Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Білім беру және денсаулық сақтау салалары бойынша Кәсіпкерлердің салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлерді толғандыратын бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Атап айтқанда, 2027 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын міндетті лицензиялау мәселесі қаралды. Осы тақырып бойынша «Қазақстандық «DARA URPAQ» қауымдастығы» ЗТБ заңгері Сайкен  Айсин баяндама жасады.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің салық салу саласындағы проблемалық мәселелері және «Astana Hub» қатысушыларына арналған салықтық преференциялар жүйесі талқыланды. Бұл мәселелер бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Мусина Шынар Мусылманбекқызы және «Astana Hub» АКҚ-ның Көкшетау қаласындағы филиалының өңірлік менеджері Әсель Абдрахмановағ баяндама жасады.

Бұдан бөлек, сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұйымдастыра отырып, арнайы контингентті бөлшек сауда арқылы қамтамасыз етудің автономды каталогтық жүйесін құру жобасы таныстырылды. Жобаны «Секербаева Г.У.» ЖК жетекшісі Бахытгүл Уалиева таныстырды.

Сондай-ақ Қызылжар ауылында «Ананың жүрегі» қоғамдық бірлестігінің ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және дамыту орталығын құру жобасы таныстырылды. Жоба туралы орталықтың жетекшісі Жазира Сексембаева  баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1289538?lang=ru