Сұрақ-жауап форматында кездесу
10.09.2026 18:54:23 41
9 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы Достық үйінде салық төлеушілерге арналған Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кездесу өтті.Іс-шараны ашқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ахметжан Хасенов Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шайкеновті таныстырып, бұл кездесу мемлекеттік орган мен бизнес қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болатынына сенім білдірді.
Сұрақ-жауап форматында өткен шара барысында салықтық және кедендік әкімшілендірудің негізгі аспектілері, соның ішінде келесі сұрақтар қарастырылды:
* салықтық есептілік нысандарын толтыру;
* ҚҚС-ты есептеу және төлеу;
* электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру;
* тауарларды жіктеу;
* салықтық шегерімдерді қолдану;
* еркін қоймалардың жұмысы.
Шараға қатысушылар кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ашық сұхбатқа оң баға берді.
Кездесу соңында іс-шара модераторы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкенов мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1289572?lang=ru