Қазақстан мен Лихтенштейн екіжақты ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Лихтенштейн екіжақты ынтымақтастықты дамытуда

10.09.2026 18:54:42 46

Вадуц, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Лихтенштейн Князьдігіне жұмыс сапарымен барды.

Лихтенштейн Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер, қоршаған орта және мәдениет министрі Сабине Монаунимен кездесуде тараптар екіжақты саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін атап өтіп, басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды сындарлы негізде одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ Лихтенштейннің Сыртқы істер басқармасының директоры Мартин Фрикпен келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды нығайту жолдарын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және негізгі өңірлік алаңдардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және өзара мүддеге сай ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1289570?lang=ru