Astana International Exchange биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының листингі рәсімі өтті
10.09.2026 19:11:58 78
Astana Finance Days шеңберінде AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының салтанатты листингі рәсімі өтті.
Қазақстанның Қытай капитал нарығында болуының табысты тарихын жалғастыра отырып, жалпы көлемі 6,6 млрд. юань болатын панда облигацияларының екінші шығарылымы жүзеге асырылды.
Тәуелсіз панда облигациялардың екінші шығарылымы екі траншпен сәтті орналастырылды: 1,82% мөлшерлемемен 3 жылға 5 млрд. юань және жылдық 1,95% мөлшерлемемен 5 жылға 1,6 млрд. юань.
Панда облигациялары нарығында тәуелсіз шығарылымдар арасында рекордтық төмен болған қол жеткізілген кірістілік деңгейі ерекше маңызға ие. Бұл ретте өтінімдер кітабындағы сұраныстың жалпы көлемі ұсыныстан 2,5 есеге асып түсті.
Сәтті орналастырылуы және жоғары қызығушылық танытылуы Қазақстанға деген сенімнің нығаюын және елдің кредиттік сапасына жоғары бағаны растайды.
Орналастырылған үш жылдық және бес жылдық транштар Қазақстанның Қытай юаніндегі тәуелсіз кірістілік қисығын кеңейтті және Қазақстандық эмитенттердің болашақ шығарылымдары үшін кірістіліктің жаңа бағдарларын қалыптастырды.
Салтанатты рәсімге Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), AIX биржасының басшылығы, сондай-ақ China International Capital Corporation Limited (CICC) қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Бірлескен жетекші ұйымдастырушылар China Construction Bank Limited (CCB), Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC), The Export-Import Bank of China и Bank of China Limited (BOC), «Teniz Capital Investment Banking» АҚ болды.
Қазақстан және Қытай тараптарының өкілдері қаржы нарықтарындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің және ынтымақтастықтың жаңа құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың іске қосылуын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1289588?lang=ru