Ішкі мемлекеттік аудит бухгалтерлік есепті цифрлық мониторингтеуді кеңейтуде

Ішкі мемлекеттік аудит бухгалтерлік есепті цифрлық мониторингтеуді кеңейтуде

11.09.2026 17:22:04 178

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік мекемелер қызметінде бюджет заңнамасын сақтамау тәуекелдерін қашықтан анықтау және бағалау тәжірибесін кеңейтуде.

Бюджет шығыстарының онлайн мониторингімен қатар, ағымдағы жылы бухгалтерлік операцияларды талдау ауқымы кеңейтілді.

Бүгінде мониторинг 14 мың мемлекеттік мекемені қамтиды.

Ағымдағы жылы тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жалпы көлемі 22 трлн теңгені құрайтын 598 млн-нан астам бухгалтерлік операцияға талдау жүргізілді.

Анықталған тәуекелдер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жалпы сомасы шамамен 166 млрд теңгеге хабарламалар уақтылы жолданды. Оның ішінде 141 млрд теңгенің тәуекелі жойылды.

Мұндай тәсілдің басты артықшылығы есепке алу процесінің өзінде, қаржылық есептілік қалыптастырылғанға дейін әрекет ету мүмкіндігі.

Анықталған сәйкессіздіктерді мемлекеттік мекемелер деректер қаржылық есептілікке енгізіліп, активтер, міндеттемелер және қаржылық нәтижелер туралы ақпараттың дұрыстығына әсер етпей тұрып түзете алады. Бұл, оның ішінде республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде де маңызды.

«Цифрлық деректер есепке алудың жай-күйін нақты уақыт режимінде көруге мүмкіндік береді. Бұрын орын алған бұзушылықтарды кейін анықтауға басымдық берілсе, қазір мемлекеттік мекемелердің қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына және мемлекетке экономикалық залал келтіруге әкелуі мүмкін әрекеті немесе әрекетсіздігі туындаған сәтте уақтылы ден қою мүмкіндігі пайда болды», – деп атап өтті Комитет төрағасы ЕРЖАН МЫНЖАСАРОВ.

Цифрлық мониторингті дамыту ағымдағы жылы қабылданған Қазақстан Республикасында ішкі мемлекеттік аудитті дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасын іске асырудың практикалық бағыттарының бірі.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттарының қатарында тәуекелге бағдарланған тәсілді, деректерді талдауды және превентивтік бақылауды одан әрі дамыту көзделген.

Келесі кезең Комитеттің цифрлық құралдарын бірыңғай аналитикалық ортаға біріктіру.

Осы мақсатта мемлекеттік аудиттің SMART AUDIT QAZAQSTAN (SAQ) интеграцияланған талдамалық ақпараттық жүйесі іске асырылуда.

Жүйе 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен енгізіліп, үлкен деректерді талдауды және жасанды интеллект технологияларын қолдануды көздейді. Жобаның бірінші кезеңін 2027 жылдың басында аяқтау жоспарлануда.

Бүгінде Комитеттің цифрлық құралдары ықтимал тәуекелдерді ерте анықтап, олардың алдын алуға бағытталған мониторинг мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1290306?lang=ru