KazAID өкілдері Жетісу университетінің студенттеріне ДРК саласы бойынша дәріс берді
11.09.2026 19:02:55 164
Ү.ж. 9 қыркүйекте KazAID Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Асанов және KazAID Бас менеджері Назгуль Шарипова І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Қазақстанның халықаралық даму мақсаттарындағы ынтымақтастық саласындағы рөлі» тақырыбына онлайн форматта қонақ дәріс өткізді.
Дәріске Жетісу университетінің Құқық және экономика факультетінің деканы Ғалым Телеуов, Құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Даурен Бекежанов, халықаралық құқық білім беру бағдарламасының 2,3,4 курс студенттері қатысты.
Оның барысында KazAID өкілдері қатысушыларды дамуға ресми көмек (ДРК) саласымен, қазақстандық ДРК компоненттерімен, KazAID қызметімен және Агенттік студенттерге ұсынатын мүмкіндіктермен таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1290469?lang=ru