Денисов ауданының жетістіктері

Денисов ауданының жетістіктері

11.09.2026 19:18:01 153

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Денисов ауданына барған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларындағы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аймақ басшысы аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Денисов ауданында биыл дәнді және бұршақты дақылдардың егіс алқабы 233 мың гектарға жетті. Күзгі орақ науқанында 178,1 мың га немесе 76,2% өнім жиналды. Майлы дақылдар алқабы 46%-ке артты. 2023 жылмен салыстырғанда мал азығы дақылдары 8 мың га ұлғайып, 3 есеге, картоп пен көкөніс 436 га жетіп, 2,7 есеге өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенге цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары енгізілуде. «Eurasia Farm Innovations» ЖШС 11 мың га аумақта смарт-егіншілік, топырақты жедел талдау және тыңайтқыштарды саралап енгізу технологияларын қолдануда. Жұмысшыларға жағдай жасау үшін жалпы құны 150 млн теңге болатын 7 заманауи капсулалық үй салынды.

Ауданда соңғы 3 жылда 4,7 мың шаршы метр 70 пәтер – 5 көпқабатты және 1 екі пәтерлі тұрғын үй салынып, қайта жөнделді. Биыл 27 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Аудан орталығындағы 667,5 шаршы метрлік 21 пәтерден тұратын тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі.

Перелески ауылында ашылған жаңа дәрігерлік амбулатория заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2,4 мың тұрғын аудан мен қалаларға бармай-ақ, медициналық көмек ала алады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 2,1 мыңнан астам көшет пен ағаш отырғызылды, 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, 43 саябақ пен сквер абаттандырылды. 800 мың шаршы метр аумақ тазартылды, 26 ескі ғимарат сүріліп, 32 заңсыз қоқыс орны жойылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1290499?lang=ru