Қазақстандық OncoZero.AI стартапы WSIS Prizes 2026 сыйлығының чемпионы атанды
15.09.2026 22:15:50 329
Женева, 2026 жылғы 10 шілде – Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) Ақпараттық қоғам жөніндегі дүниежүзілік саммиттің форумы (WSIS Forum 2026) аясында қазақстандық OncoZero.AI стартабына «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өмірдің барлық саласында қолдану — электрондық денсаулық сақтау» (C7 Іс-қимыл бағыты) санаты бойынша WSIS Prizes 2026 сыйлығының чемпионы (Champion) атағы берілді.
Марапатқа «Абдоминальды онкологиялық аурулар мен лейкемияны анықтауға арналған нейрондық желі бағдарламалық қамтамасы» жобасы ие болды. Оны жас қазақстандық кәсіпкерлер Алимжан Касабаев пен Алмухамед Амитов әзірлеген. Стартап негізін қалаушыларға жиырма жастан сәл асқан, олардың бірі британдық жоғары оқу орнында, екіншісі қазақстандық жоғары оқу орнында білім алуда.
Жобаны әзірлеушілердің өздері Женеваға жеке келе алмағандықтан, сыйлықты олардың атынан Қазақстан Республикасының ДСҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, елші Қ.Қ. Төребаев қабылдап алды.
OncoZero.AI – онкологиялық аурулардың автоматтандырылған диагностикасына арналған нейрондық желі. Қазіргі кезеңде бағдарлама бауыр обырын анықтауға көмектеседі, әзірлеушілердің айтуынша, болашақта функционал басқа онкологиялық аурулардың түрлеріне де кеңейтіледі.
Чемпион сертификатына ХЭО Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин қол қойды, ол WSIS Forum 2026 аясында табысталды. Форум 2026 жылғы 6–10 шілде аралығында Женевада өтті.
OncoZero.AI жобасының жеңісі жасанды интеллект саласындағы қазақстандық стартаптардың, оны денсаулық сақтауда қолданудың өсіп келе жатқан әлеуетінің тағы бір дәлелі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1292373?lang=ru