Пилоттық жоба бойынша
15.09.2026 22:15:51 385
А.ж. ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында көшіп келушілер үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің migration.enbek.kz платформасында тестілеу, сауалнама жүргізу және әңгімелесу өткізу арқылы «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Осы пилоттық жоба бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында а.ж. 09 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Қостанай қалалық бөлімінің қызметкерлері үшін оқыту жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1292369?lang=ru