Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында ҚР Әділет министрлігі мен Кореяның Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
16.09.2026 09:05:59 205
Меморандум екі ел арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Құжат ақпарат пен тәжірибе алмасуды, құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруді, сондай-ақ осы саладағы бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды іске асыруды көздейді.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Корея арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам және озық тәжірибелермен алмасу мен заманауи тәсілдерді енгізу үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.
Меморандум ережелерін іске асыру екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1292416?lang=ru