2026 жылғы қыркүйек айына тұрғын үй сертификаттарын беруге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлама
16.09.2026 15:15:41 166
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы қыркүйек айына тұрғын үй сертификаттарын беруге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына», сондай-ақ «Қостанай облысында тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 239 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй сертификатының мөлшері бастапқы жарна сомасының 90 пайызын, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 15 қыркүйектен басталады.
Өтінімдер белгіленген тәртіппен электрондық нысанда қабылданады.
Тұрғын үй сертификаттарын беру тәртібі, оларды алу шарттары және алушылар санаттарының тізбесі туралы толық ақпаратты «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нен алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1292761?lang=ru