Жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды

Жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды

16.09.2026 17:05:58 155

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық жайы талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Жиында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның әзірлігі, энергия көздері мен жылу желілерін жөндеу, отын қорын қалыптастыру мәселелері қаралды.
Аймақта жауапты кезеңге дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту, 1 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге алдағы жауапты маусымда тұрғындар жаңа жылу-электр орталығының 4 қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.
Жалпы 7,6 млрд. теңгеге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станция жөндеуден өтті.
Аймақтағы 1 074 әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын. Бүгінде энергетикалық және әлеуметтік нысандардың дайындық паспорты алынып жатыр. Қажетті көмір қоры – 80 мың тонна, тұрғындарға 68 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 12 мың тонна керек. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтауды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1292885?lang=ru