Кеден одағы комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
17.09.2026 16:16:08 304
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент), 2026 жылғы 21 шілдедегі № 96 «Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі күшіне енуіне байланысты 2026 жылғы 22 тамыздан бастап құжаттар түрлерінің мынадай сыныптауыштары енгізілгенін хабарлайды:
07053 Фармацевтикалық және (немесе) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (Қазақстан Республикасы үшін);
07054 Медициналық бұйымдарды көтерме өткізуге қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны қабылдау туралы, Қазақстан Республикасы үшін берілген талон;
07055 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жасалған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды жеткізу шарты (Қазақстан Республикасы үшін);
07056 Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелуге арналған рұқсат (Қазақстан Республикасы үшін);
07057 Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға берілген тіркеу куәлігі (Қазақстан Республикасы үшін);
07058 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген тауарлардың нысаналы мақсатын растау (Қазақстан Республикасы үшін).
Осыған байланысты СЭҚ-ке қатысушылардың назарына Департамент мынаны жеткізеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1204 қаулысына сәйкес кедендік декларацияның 44-бағанында мынадай құжаттар ұсынылады: 07053 немесе 07054; 07056 немесе 07057.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысына сәйкес кедендік декларацияның 44-бағанында:
1) 36.4-бағанда «ЗС» жеңілдіктер сыныптауышын таңдаған кезде: 07053, 07055, 07057, 07058;
2) 36.4-бағанда «СН» жеңілдіктер сыныптауышын таңдаған кезде: 07053, 07055, 07058, 07056;
3) 36.4-бағанда «ЗГ» жеңілдіктер сыныптауышын таңдаған кезде: 07053, 07055, 07058; 07056 немесе 07057;
4) 36.4-бағанда «ГС» жеңілдіктер сыныптауышын таңдаған кезде: 07053, 07058 ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1293272?lang=ru