Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру бойынша қызметкерлер үшін семинар өткізілді

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру бойынша қызметкерлер үшін семинар өткізілді

17.09.2026 17:01:23 233

Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген 2026 жылға арналған іс-шаралар кестесін орындау мақсатында Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкерлерге арналған түсіндіру семинары өткізілді.

📚 Семинар барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, оның маңызы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне қатысты мәселелер қаралды.

🎤 Семинардың спикері – азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша адвокат, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Амрашева Роза Темировна @advokat_amrasheva_roza

Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, конституциялық нормаларды қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.

🤝 Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және конституциялық заңнама саласындағы білімдерін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1293288?lang=ru