Қазақстанда теміржол машина жасау саласы өрісін кеңейтіп келеді
18.09.2026 01:17:29 181
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ел экономикасын жаңғыртып, оның құрылымын әртараптандыруда отандық машина жасау саласын дамытудың маңызын бірнеше рет атап өтті. Бұл бағыттағы негізгі міндеттердің бірі – қосылған құны жоғары өнім көлемін ұлғайтып, өндірістегі отандық үлесті арттыру.
Бүгінде елімізде локомотив пен вагон шығарудан бастап, қажетті бөлшектерді өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге дейінгі тұтас өндірістік жүйе қалыптасып келеді.
Қазір салада 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істеп, 8,5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстандық кәсіпорындар Wabtec, Alstom және Stadler секілді әлемдік өндірушілермен бірлесіп, ішкі нарыққа ғана емес, шетелге де өнім шығарады.
Соның бір мысалы – Астанадағы «Электровоз құрастыру зауыты». 2012 жылдан бері жұмыс істейтін кәсіпорын осы уақытқа дейін 450-ден астам электровоз өндірді. Бүгінде зауыт өндіріс ауқымын кеңейтіп, экспорттық бағытты да дамытып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1293592?lang=ru