ШҚО бойынша МКД-да кеден заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды

ШҚО бойынша МКД-да кеден заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды

18.09.2026 06:31:03 355

2026 жылғы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Кеден заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, сондай-ақ бизнестің мүдделі өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кеден заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері, оның ішінде:

  • кедендік транзитті аяқтау және оның мерзімін ұзарту тәртібі;

  • тауарларға арналған декларациялар бойынша «Экспорт» ақпараттық

жүйесіне ақпарат енгізу тәртібі;

  • тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктері;

  • кедендік операцияларды жүзеге асыру барысында туындайтын

практикалық мәселелер қаралды.

Кеден рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін түсіндіруге және сыртқы

экономикалық қызметке қатысушылардың практикалық жұмыс барысында туындайтын мәселелерін талқылауға ерекше назар аударылды.

«Сұрақ-жауап» форматында қатысушылар өздерін қызықтырған кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша түсініктемелер алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимылын жетілдіруге, сондай-ақ кеден заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға кеден заңнамасының нормаларын қолдану жөнінде тиісті түсініктемелер мен ұсынымда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1293778?lang=ru