Шанхай қаласы мен Цзянсу өлкесінің басшыларымен кездесулер туралы

Шанхай қаласы мен Цзянсу өлкесінің басшыларымен кездесулер туралы

18.09.2026 12:31:13 182

Шанхай – Сучжоу – Нанкин, 2026 жылғы 7–11 қыркүйек

2026 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Қытайда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерінің ҚКП Шанхай қалалық комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласы әкімінің міндетін атқарушы Чжу Чжунминмен өткен ұжымдық кездесуіне қатысты.

Кездесу ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Шанхай қаласы және Цзянсу провинциясының халық үкіметтерімен бірлесіп, 2026 жылғы 7–11 қыркүйек аралығында дипломатиялық корпус өкілдері үшін Шанхай – Сучжоу – Нанкин бағыты бойынша ұйымдастырған танымдық сапары аясында өтті.

Чжу Чжунмин дипломаттарды мегаполистің 2026–2030 жылдарға арналған дамуының негізгі бағыттарымен, соның ішінде инвестиция тарту, жоғары технологияларды дамыту, қалалық инфрақұрылымды жетілдіру және Шанхайдың халықаралық ынтымақтастығын кеңейту шараларымен таныстырды.

Сучжоу қаласында дипломаттар қаланың өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетімен, сондай-ақ Сучжоу индустриялық паркінің қызметімен танысты. Сапардың қорытынды күні Нанкин қаласында ҚКП Цзянсу провинциялық комитетінің хатшысы Синь Чансинмен кездесу өтіп, оның барысында өңірдің шет елдермен сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту келешегі талқыланды.

Шанхайдағы іс-шараға ҚР Бас консулы Н.Аққошқаров, ал Сучжоу мен Нанкин қалаларындағы сапар бағдарламасына ҚР Шанхай қаласындағы Бас консулдығының консулы Е.Тұрсынов қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-shanghai/press/news/details/1293987?lang=ru