Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дүниежүзілік экономикалық форумның өкілдері Дитрих Джон және Марвен Гарбаамен кездесті
21.09.2026 10:19:26 340
Тараптар Қазақстанның Орталық Азиядағы жасанды интеллект және цифрлық трансформация мәселелері бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның өңірлік алаңы ретіндегі даму мүмкіндіктерін қарастырды.
Жаслан Мәдиев ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын ұсынып, мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні басқару тәсілдерін әзірлеу, халықаралық цифрлық инфрақұрылымды орналастыру үшін дата-орталықтарды және Data Embassy режимін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның GovTech саласындағы тәжірибесіне негізделген жасанды интеллект шешімдерін мемлекеттік басқаруға енгізу мәселелеріне тоқталды.
Кездесуде жасанды интеллект, энергетика және ЖИ экономикасын дамытуға қажетті инфрақұрылымның өзара байланысына ерекше назар аударылды. Тараптар осы экожүйе аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, энергетикалық қуаттар мен дата-орталықтарды, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен халықаралық байланыстылықты дамыту, сондай-ақ жасанды интеллектке арналған тұрақты инфрақұрылым мен технологиялық құн тізбектерін қалыптастырудағы маңызды минералдардың рөлі қарастырылды. Сонымен қатар энергетика секторында жасанды интеллектіні қолдану және Қазақстанның энергетикалық, цифрлық және технологиялық әлеуетін жаһандық ИИ экожүйесіне ықпалдастыру мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған ынтымақтастық бағыттары бойынша диалогты жалғастырып, одан арғы практикалық қадамдарды пысықтауға келісті. Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның делегациясы Орталық Еуразия және әлемнің басқа да өңірлеріндегі технологиялық, цифрлық және жасанды интеллект салаларының көшбасшыларын біріктіретін халықаралық алаң ретінде AI & Digital Bridge форумының ауқымы мен тұжырымдамасын таныстырды. Осыған байланысты ДЭФ өкілдері 1–3 қазан күндері Астанада өтетін алдағы форумға қатысу мүмкіндігін қарастыруға, сондай-ақ болашақ іс-шаралар мен байланысты бастамалар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырылды.
Сапар аясында делегация Халықаралық жасанды интеллект орталығы alem.ai-ға да барып, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан жасанды интеллект және технологиялар экожүйесімен, сондай-ақ Astana Hub, TUMO Astana және Tomorrow School қызметімен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1295034?lang=ru