Мадридте Қазақстанның Еуропалық Парламентпен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды
21.09.2026 22:19:21 217
Мадрид, 2026 жылғы 18 қыркүйек – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Еуропалық Парламенттің депутаты Франсиско Мильян Монмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның Еуропалық Одақпен, соның ішінде Еуропалық Парламентпен өзара іс-қимылының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. Саяси диалогты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін іске асыруға ерекше назар аударылды.
Д. Мұсаев еуропарламентшіні жаңа Конституцияның күшіне енуі және бір палаталы Құрылтайға өткен сайлаудан кейінгі Қазақстандағы саяси жаңғырудың жаңа кезеңімен таныстырды. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар өкілді институттарды одан әрі нығайтуға, азаматтардың саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Тараптар сондай-ақ көлік байланыстылығын арттыруға, Орта дәлізді дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы маусым айында Брюссель қ. сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығы ескерілді.
Ф. Мильян Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың дәйектілігіне оң баға беріп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты одан әрі дамытуға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1295452?lang=ru