Жылыту маусымы тұрақты, апаттар мен іркіліссіз өту керек

Жылыту маусымы тұрақты, апаттар мен іркіліссіз өту керек

23.09.2026 10:32:50 227

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өңіріміздің жылыту маусымына әзірлігі тақырыбына арналған аймақ әкімдігінің отырысы өтті. Жиында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков қалалары мен Жітіқара ауданының әкімдері баяндама жасады.

Мемлекет басшысы жылыту маусымы өзекті мәселелердің бірі екенін бірнеше рет атап өтіп, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға, халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге ерекше мән беріп келеді.

«1 қазаннан бастап облыста жылыту маусымы басталады. Мен өткен отырыста 15 қыркүйекке дейін жылыту маусымына дайын болуды тапсырған едім. Бүгінде барлық 118 жылу көзі, оның ішінде 4 жылу электр орталығы мен 114 қазандық, сондай-ақ 698 автономды жылыту жүйесі толық дайындалды. Барлық көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың дайындығы қамтамасыз етілді. Ұзындығы 30,7 шақырым жылу желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу жұмыстары аяқталды», – деді аймақ басшысы.

Бүгінде қала және аудан әкімдіктері тарапынан шамамен 384,1 мың тонна көмір дайындалды. Бұл жоспардың 94,3%-ін құрайды. Қостанай, Лисаковск және Арқалық қалаларында жылу желілерін реконструкциялау бойынша 8 ірі жоба жүзеге асырылуда. 2026 жылға 14,7 шақырым желіні жаңарту жоспарланған болатын. Бұл көлем толық орындалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 42,8 пайызға дейін төмендеді.

«Өткен жылыту маусымында апаттар санын айтарлықтай азайта алдық – 254-тен 134 жағдайға дейін. Тұрғындардан түскен шағымдар саны да 96-дан 20-ға дейін төмендеді. Алдағы маусымдағы міндетіміз – жылыту маусымын тұрақты, апаттар мен іркіліссіз өткізу», – деді Құмар Ақсақалов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1296750?lang=ru