Павлодар облысында тұрғындардың 73%-ы табыс декларациясын тапсырды: ереже бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл салынады

Павлодар облысында тұрғындардың 73%-ы табыс декларациясын тапсырды: ереже бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл салынады

23.09.2026 11:02:13 244

Павлодар облысында тұрғындардың 73%-ы табыс декларациясын тапсырды: ереже бұзғандарға ескерту жасалып, айыппұл салынады

Павлодар облысында Табыстар мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыру науқанының аралық нәтижелері шығарылды. Заңмен белгіленген мерзімге – 15 қыркүйекке дейін есептілікті 36 439 адам жіберді, бұл декларация тапсыруға міндетті азаматтардың жалпы санының 73%-ын құрайды.

Өңір бойынша 2025 жыл үшін барлығы 50 мыңға жуық азамат (49 768 адам) есеп беруі тиіс. Құжаттарды әлі тапсырмаған 13 мың тұрғынның басым бөлігін компания басшылары, заңды тұлғалардың құрылтайшылары және олардың жубайлары құрайды.

Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: есепті өз уақытында тапсырып үлгермеген азаматтар мұны жақын арада жүзеге асыруы қажет.

Декларацияны қалай тапсыруға болады? 270.00 нысанын келесі онлайн сервистер арқылы тапсыруға болады:

- «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.kgd.gov.kz);

- «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz);

- e-Salyq Azamat және eGov Mobile мобильді қосымшалары;

- Halyk Bank және Kaspi Bank мобильді қосымшалары.

Декларацияны тапсыру мерзімін бірінші рет бұзғаны үшін заң бойынша ескерту жасау көзделген. Биыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Құжатта шынайы емес мәліметтерді ұсынғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Жеке тұлғаның табыстары мен мүлігі туралы декларацияны (270.00 СӘН) келесі азаматтар санаты ұсынуға міндетті:

  1. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары.
  2. Жарғылық капиталындағы үлесі 10%-дан асатын (немесе АҚ акциялары бар) заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың резидент-жұбайлары (коммерциялық емес ұйымдардың қатысушыларын қоспағанда).
  3. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, жеке сот орындаушылары).
  4. Салық салуға жататын дербес табыс алған азаматтар (жеке кәсіпкерліктен түсетін табысты қоспағанда, мүліктік табыс).
  5. Есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шетелдік банк шоттарындағы ақшасының жиынтық қалдығы 1 000 АЕК-тен (3 932 000 теңге) асатын шетелдік банк шоттарының иелері.
  6. Құқықтары немесе мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын шетелдегі жылжымайтын мүлік пен мүліктің иелері.
  7. Цифрлық активтердің (криптовалюталардың, цифрлық ақшалардың, цифрландырылған активтердің) иелері.
  8. Есепті жыл ішінде 20 000 АЕК-тен (78 640 000 теңге) асып кететін сомаға ірі сатып алулар жасаған тұлғалар.

270.00 нысанында мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару, мәмілелерді қаржыландыру көздері, ҚР шегінен тыс жерлердегі активтер, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәліметтер шағылысады. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1296765?lang=ru