ЖК САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІ: НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ
24.09.2026 00:20:53 166
Құрметті жеке кәсіпкерлер!
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізбейтін және қаржылық есептілікті жасамайтын жеке кәсіпкерлердің салықтық есеп жүргізу ерекшеліктерін еске саламыз.
🔹 Бастапқы есепке алу құжаттары
Салықтық есеп операцияның немесе оқиғаның жасалғанын растайтын қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі бастапқы есепке алу құжаттары негізінде жүргізіледі.
Салықтық тіркелімдердегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, бастапқы есепке алу құжаттарын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде де рәсімдеуге құқылы.
🔹 Шетел валютасындағы операциялар
Шетел валютасында жасалған операциялар операция жасалған күнгі валютаның ресми бағамы бойынша теңгеге қайта есептеледі.
Бұл ретте бағамдық айырма салық салу мақсатында есепке алынбайды.
🔹 Қорлар қалай есепке алынады?
Салықтық есеп мақсатында қорлар өзіндік құны бойынша танылады.
Өзіндік құнға мыналар кіруі мүмкін:
▪️ сатып алуға жұмсалған шығындар;
▪️ импорттық баждар және өтелмейтін салықтар;
▪️ тасымалдау және өңдеу шығындары;
▪️ сатып алуға тікелей байланысты шығыстар;
▪️ қайта өңдеу шығындары;
▪️ еңбекақы төлеуге арналған тікелей шығындар;
▪️ өндірістік үстеме шығыстар;
▪️ қорларды ағымдағы жағдайына және орналасқан жеріне дейін жеткізуге қажетті өзге де шығындар.
Өзіндік құнды айқындау кезінде өнім берушілер ұсынған жеңілдіктер, төлемдерді қайтару және осыған ұқсас сомалар ескеріледі.
🔹 Орташа өлшемді құн әдісі
Жеке кәсіпкер қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы.
Бұл әдісті таңдау салықтық есеп саясатына енгізілуі тиіс.
Тауар өндірумен айналысатын, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған жеке кәсіпкерлер қорлардың келіп түсуі мен шығуын дербес әзірлейтін нысандардағы салықтық тіркелімдерде есепке алады.
🔹 Қорлардың шығуы болып не саналмайды?
Мыналар қорлардың шығуы болып танылмайды:
▪️ бір жеке кәсіпкердің материалдық жауапты тұлғалары арасында қорларды ішкі ауыстыру;
▪️ қорларды сақтауға беру;
▪️ қорларды давальдік шикізат ретінде беру.
Сақтауға алынған қорлардың құны жеке кәсіпкердің кірісі болып табылмайды.
🔹 Қорлардың шығуы қашан болып есептеледі?
Қорлардың шығуы оларды актив ретінде танудың тоқтатылуы болып табылады, оның ішінде:
➡️ өткізу кезінде;
➡️ өтеусіз беру кезінде;
➡️ өндірісте, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде пайдалану;
➡️ жарғылық капиталға салым ретінде беру;
➡️ айырбастау кезінде;
➡️ түгендеу барысында жетіспеушіліктің анықталуы;
➡️ мүліктің ұрлануы немесе бүлінуі;
➡️ сақтау мерзімінің аяқталуы;
➡️ моральдық тұрғыдан ескіруі;
➡️ тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы кезінде.
Сондай-ақ активті қайта жіктеу, мысалы, қорларды негізгі құралдар немесе өзге де активтер құрамына ауыстыру да олардың шығуы болып танылады.
📌 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: бастапқы құжаттарды дұрыс рәсімдеу және салықтық тіркелімдерді жүргізу шаруашылық операцияларын салықтық есепте дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1297216?lang=ru