Қазақстан мен «MOL Group» стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

Қазақстан мен «MOL Group» стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

24.09.2026 01:19:27 262

Будапешт, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі А.Бақытбекқызының «MOL Group» компаниялар тобының барлау және өндіру жөніндегі Атқарушы вице-президенті Ж.Мартонмен кездесуінде Қазақстан Республикасы мен «MOL Group» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту перспективалары талқыланып, сондай-ақ тараптардың өзара қызығушылығын тудыратын және екі тарап үшін де практикалық маңызы бар бағыттар бойынша пікір алмасылды.

Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «MOL Group» арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа, оның ішінде мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелеріне және қазақстандық энергетикалық ресурстарды Мажарстанға жеткізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және энергетикалық ресурстар жеткізу көздерін әртараптандырудың маңыздылығын атап өтіп, өзара тиімді бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға қызығушылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында «MOL Group» компаниясының Қазақстандағы ірі энергетикалық жобаларға қатысу перспективалары және екі компания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіліктерін растады.

«MOL Group» компаниялар тобы Еуропадағы жетекші мұнай-газ концерндерінің бірі болып табылады және көптеген жылдар бойы Қазақстандағы өз қатысуын дәйекті түрде дамытып келеді. Компания еліміздегі мұнай-газ жобаларын іске асыруға, оның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы Рожковское кен орнын игеруге қатысады. Бұл қазақстандық-мажар энергетикалық ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және қазақстандық және мажарлық әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге негіз қалыптастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1297254?lang=ru