Қазақстанның 17 өңірінен 279 жас спортшы үстел теннисінен ел чемпионатының медальдары үшін күресуде. Республикалық біріншілік Қарағандыда басталды
24.09.2026 03:50:29 259
Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нүркен Қобжанов, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Жаннұр Қалиғожин және ДШжСБ басшысы Нүркен Нұратов қатысты.
Үстел теннисі Қазақстанда өте танымал. Онымен балалар да, ересектер де, мүмкіндігі шектеулі адамдар да қуана айналысады. Тек біздің облыстың өзінде 13 мыңнан астам адам осы спорт түріне құмар, оның 4000 - ге жуығы ауылдық жерлерде.
Қарағанды үстел теннисі мектебі республикадағы үздік мектептердің бірі, оның тәрбиеленушілері көптеген жылдар бойы басқа өңірлердің спортшыларына айтарлықтай бәсеке туғызып келеді. Біздің чемпиондарымызды тек туған өңіріміз ғана емес, бүкіл Қазақстан мақтан тұтады. Қазір Жапонияда Азия ойындары өтіп жатыр. Жеңіс үшін Құрманғалиев Алан, Акашева Зәуреш, Кошкумбаева Жанерке және Жақсылықова Альбина сияқты теннисшілеріміз күресуде. Спортшыларымыз үшін жанкүйер болайық! Ал, жас таланттарға қонақжай Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында сәттілік пен жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1297343?lang=ru